Сәтсіздікке ұшыраудың қандай пайдасы бар? 🤨
1. Әрбір сәтсіздік саған сабақ болып, тәжірибе жинауға көмектеседі. Қателіктер жасау арқылы жетістікке жету мүмкіндігің жоғарылай түседі. Сондықтан сәтсіздіктерді негативті жағынан емес, позитивті жағынан қабылдауға тырыс. 🙌🏻
2. Қиындықтар адамды мықтырақ етіп, ештеңеге қарамай, алға жылжуға мотивация беру үшін беріледі. Сол себепті де, сәтсіздіктерді адамға пайдалы деп айта аламыз. 👍🏻
3. Сәтсіздікке ұшырау арқылы сен өзіңді тұлға ретінде дамытасың. Әр қателескен сайын сен тағы да бір рет байқап көріп, бұдан да жақсы нәтижеге жетуге тырысасың. Бұлардың барлығы сенің ішкі потенциалыңды ашып, өзіңді дамытуға мүмкіндік береді. 🔥
4. Көп қателесіп, сәтсіздікке ұшыраған адам өзгелер үшін қызықты адамға айналады. Себебі өзгелерге өзінің жетістіктерін айтып, мақтана беретін адамнан гөрі өз басынан өткен қателіктері мен сәтсіздіктерін айтатын адаммен сөйлескен әлдеқайда қызығырақ. 😍
5. Сәтсіздігіңді халыққа көрсетсең, олардың қызғануы азаяды. Ылғи жетістігіңді көрсете берсең, досыңа дейін қызғануы мүмкін. 😪