1. Зерттеулер нәтижесінде ми өнімді жұмыс істеуі үшін оған әрбір 40-50 минут сайын демалыс беріп отыру қажет екені анықталды. Ал егер ми мүлдем демалмайтын болса, ақпарат қабылдауы қиындайды. Зейін қоюы мен өнімділігі бірнеше есеге дейін төмендейді.
2. Сабақ оқыған кезде оқу процесін жеңілірек ету үшін әртүрлі тәсілдерді қолдануға тырыс. Мысалы, мнемотехника, флэшкардтар және т.б. Түрлі техникаларды сабақпен байланыстыра білсең, оқу қызығырақ болады.
3. Сабақ оқып отырып, параллельді түрде басқа жұмыстарды атқаруға тырыспа. Бұлай жасау арқылы уақытты құртасың. Я сабақты дұрыс ұға алмай қаласың, я жұмысыңды аяқтай алмай қаласың. Сондықтан бар зейініңді тек оқып жатқан нәрсеңе бөл.
4. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ми дұрыс жұмыс атқаруы үшін оған демалыс керек, содан соң ең маңыздысы - ұйқы. Түнде уақытылы ұйықтап, ал күндізгі уақыттарда бір-екі сағат тынығып алуды ұмытпа.