Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Қызың өссе, қызы жақсымен көрші бол! 🙋🏻‍♂️ .

Қазақтың осындай мақалы бар. Соны естіген сайын мына бір сөз еске түседі. Америкалық танымал бизнес-тренер, оратор, жеке тұлғалық дамуға қатысты көптеген кітаптардың авторы Джим Рон былай депті: «Әлемдегі ең ақылды адам болсаң да, айналаңдағы адамдар орта немесе төмен ойлы адамдар болса, өз деңгейіңде қала алмайсың. Бәріміз ең көп бірге уақыт өткізетін бес адамның арифметикалық ортасымыз». 👬🏻


Улы дос деген бар. Әрдайым уын шашып жүреді. «Үкімет анандай. Әкім мынандай. Өмір әділетсіз. Бәрі сатылған. Ештеңе істеу мүмкін емес. Пәленше жалқау, түгенше бәлеқор. Армияда ұрады. Университетте білім жоқ. Жұмыстың айлығы аз» деген сөздерді көп айтады. Оның жанында бір апта жүрсең, өзің де солай ойлай бастайсың. Мұндай достардан арыстаннан қашқандай қашу керек. 😱


Онда кіммен дос болу керек?

Оларды іздеу қиын емес. Олар мақтанбайды, даурықпайды, біреуді жамандамайды. Әлеуметтік желі арқылы да таба аласың. Онымен арнайы хабарласып, кездесудің өзі жақсы амал. Жақсы адамдарды іздей бастасаң, олар өзі пайда болады. 😍


Біріншіден, олардың жанында жүріп, өзіңді позитивті энергияға толтырасың. Яғни, шаршамайсың.

Екіншіден, ылғи жақсы идеялардың ортасында жүресің.

Үшіншіден, сенің бастамаңа қолдау білдіреді. Жақсы кеңес береді.

Төртіншіден, бірге дамисың.

Біздің телеграм каналға тіркел. Өзің секілді білім алуға құштар жандармен бірге бол. Каналға МЫНА сілтеме арқылы өте аласың.