Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Демалуға көмектесетін фильмдер

Достар, біздің фильмдер топтамамызды қарсы алыңыздар😉


📸 Король говорит

Альбертті бала кезінен көп қинайтын, кейін ол кекештеніп сөйлей бастайды. Өскеннен кейін ол өзінің патша болуы керектігін түсінеді. Бірақ, арнайы сөздермен не жасайтынын білмейді. Бұл фильм әр адамның бір мақсатқа талпынып, оның орындалуына көптеген әрекеттер жасауы керектігін көрсетеді, және әр адам өзінің айтар ойымен бөлісуге тұрарлық екенін түсіндіреді.


📸Стажер

Үйренуге ешқашан да кеш емес. Осылайша 70 жасар Бен бір стартапқа стажер болып орналасады. Мұнда бар болғаны жақсы костюм киіп, видео түсіріп, стартап деген не екенін түсіну ғана қалды.


📸Всегда говори “ДА”

Әрдайым депрессияда жүретін менеджер бір күні семинарға қатысады. Онда барлығы әр айтқан сөзге келіседі екен. Біршама уақыт ойланғаннан кейін ол әрдайым “ИӘ” деп айтып жүретін болды. Аз уақыттан соң оның өмірі түрлі оқиғаларға толады.


📸1+1

Бұл фильм комедиялардың ішінде классикаға айналды. Бір сәттің ішінде сіз күліп те, басты кейіпкердің өмірі үшін алаңдап та үлгересіз.