Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Гранттың қандай түрлері бар?

Жалпы грант - мемлекет тарапынан бөлінетін грант. Білім грантының басым бөлігі осы жалпы грант. Және бұл гранттар жалпы конкурста ойнатылады. Бұл грантты ұтып алған оқушы ай сайын мемлекет тарапынан шәкіртақы, яғни стипендия алады және 4 жыл тегін оқиды.

Грант университетке емес, мамандыққа бөлінеді. Сіз жалпы грант бойынша грантқа түссеңіз, университет ауыстыра аласыз.

Қазақстанға 4 жылдан кейін қандай мамандар керек екеніне байланысты бөлінеді. Сондықтан, егер бір мамандыққа грант бөлінген болса, демек оқу бітіргеннен кейін сіз сол мамандық бойынша жұмыс таба аласыз деген сөз.

Жалпы грант бойынша оқыған студент оқуын аяқтаған соң 3 жыл мамандығы бойынша жұмыс істеуі қажет. Әйтпесе, мемлекет оқуына төлеген ақшаны толығымен қайтарып беруі тиіс.


Әкімдік грант - жергілікті әкімдік бюджеттен бөлінетін грант түрі. Шәкіртақыны да, 4 жылдық оқу ақысын да студент үшін әкімдік төлейді. Бірақ, бір шарты бар. Әкімдік грантпен оқыған студент оқуын аяқтаған соң қай әкімдіктің грантын ұтқан болса, 3 жыл бойы сол қалада мамандығы бойынша жұмыс істеуге міндетті.

Мысалы, 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мұғалімдік мамандықтарға арнап 500 грант бөлді. Демек, 4 жылдан кейін Нұр-Сұлтан қаласына 500 мұғалім керек. Және сол үшін олар грант бөледі.


Серпін бағдарламасы - Қазақстанда ең көп адам саны Оңтүстік өңірде, ал ең аз Солтүстікте. Оңтүстіктегі жұмыс күшін Солтүстік өңірлерге тарту мақсатында ашылған грант түрі. Бұл грантқа Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы, Маңғыстау және Қызылорда облысының оқушылары ғана қатыса алады.

Серпін грантымен оқыған студентке сол жерде жұмыс істеуің керек деп ешқандай шарт қойылмайды. Және қай жақта жұмыс істесе де өз еркінде. Серпін грантының шәкіртақысы бар.

Жалпы грант конкурсына қарағанда Серпін бағдарламасында грантқа шекті баллдар төмендеу. Серпін баңдарламасы бойынша грантқа түсу оңайырақ болып келеді.


Ішкі грант (ректорлық грант). Ішкі грант пен ректорлық грант - екеуі бір. Аты айтып тұрғандай, бұл грантты университеттің өзі бөледі. Ішкі грантта шәкіртақы болмағанымен, 4 жыл сол университетте ТЕГІН оқуға мүмкіндік береді. Және Ішкі грант бойынша оқыған студентке оқуды бітірген соң мына жерде жұмыс жасауың керек деген шарт қойылмайды.

Сіздер білетіндей, біз көптеген университеттің ресми серіктесіміз. Ол университеттер біздің курста оқыған оқушыларға арнайы ІШКІ гранттар бөледі. Мысалы, КазГЮУ мен Көлік және Логистика академиясы және Халықаралық IT (МУИТ) университеті тек қана біздің курста оқып жүрген оқушалырға әр университет 10 гранттан бөлді.

Демек, біздің курсқа қатысқан оқушы 2 грант ұтып алуға мүмкіндігі бар. Біріншісі Жалпы грант конкурсында, екіншісі біз ойнататын 50 ішкі грант конкурсында. Ары қарай қай грант бойынша оқитынын өзі шешеді.

Біздің 50 ішкі грант конкурсына қатысу үшін 3 шарты бар:

1. Біздің курсқа қатысу.

2. Жинау керек жұлдыздың 50% (яғни жартысын) жинау.

3. ҰБТ-дан кем дегенде 70 балл жинау.

Біздің ҰБТ-ға дайындық онлайн курсымызға қатысу үшін МЫНА сілтемені бас.