Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Жеке даму жоспарын қалай құрамыз?

АҚШ-тың негізін салушылардың бірі Бенджамин Франклин бүкіл өміріне жоспар құрып, сол жоспарды қатаң ұстанған. Әрине, ұлы адамдардың барлығында осы Бенджамин секілді үтір-нүктесіне дейін қойылып, бүкіл өміріне жететіндей етіп жазылған жоспары болмаса да, олардың көбі өмірде өздерінің кім болғысы келетіндерін және қандай мақсатқа жетуді қалайтындарын нақты білген.


Сонымен жеке даму жоспары дегеніміз не?

Жеке даму жоспары дегеніміз - өзіңді өмірдің әртүрлі салаларында дамытуға және жетістікке жетуге бағыттайтын өмірлік жоспар. Оны құру үшін саған алдымен мына сұрақтарға жауап беру қажет:

a) Менің мансап құрудағы мақсаттарым қандай?

b) Мен қандай адам болғым келеді?

c) Өмірде қандай мақсаттарға қол жеткізгім келеді?

d) Мен дұрыс жолды таңдадым ба?

e) Мен осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге қол жеткізе алдым?


Жоғарыда берілген сұрақтарға жауап беріп болған соң, даму жоспарыңды жасауға кірісе берсең болады. Жеке даму жоспарың - сенің бүкіл өміріңе арналған жоспар. Сол себепті де, сен оны үнемі жетілдіріп, өзгертіп отыруың қажет. Бұлай жасау қалыпты әрі дұрыс болып табылады.

Ал енді қолыңа қағаз бен қалам ал да, өз жауаптарыңа сүйене отырып, жеке даму жоспарыңды жасауды бастай берсең де болады. Сәттілік!