Қазақша посттар
2022-07-26 14:11 Пайдалы кеңестер

Жеке жоспарды қалай құру қажет? 📝

АҚШ-тың негізін салушылардың бірі Бенджамин Франклин бүкіл өміріне жоспар құрып, сол жоспарды қатаң ұстанған. Әрине, ұлы адамдардың барлығында үтір-нүктесіне дейін жазылған жоспары болмаған шығар. Бірақ олардың көбі өмірде өздерінің кім болғысы келетіндерін және қандай мақсатқа жетуді қалайтындарын нақты білген. 🥇


Сонымен жеке даму жоспары дегеніміз не?

Жеке даму жоспары дегеніміз – өзіңді өмірдің әртүрлі салаларында дамытуға және жетістікке жетуге бағыттайтын өмірлік жоспар. Оны құру үшін мына сұрақтарға жауап беру қажет:

1. Менің мансап құрудағы мақсаттарым қандай?

2. Мен қандай адам болғым келеді?

3. Өмірде қандай мақсаттарға қол жеткізгім келеді?

4. Мен дұрыс жолды таңдадым ба?

5. Мен осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге қол жеткізе алдым?


Жоғарыда берілген сұрақтарға жауап беріп болған соң, даму жоспарыңды жасауға кірісе берсең болады. ✍🏻 Бүкіл өміріңе арналған жоспарды үнемі жетілдіріп, өзгертіп отыруың қажет.


Ал енді қолыңа қағаз бен қалам ал да, өз жауаптарыңа сүйене отырып, жеке даму жоспарыңды жасауды бастай берсең де болады. Сәттілік!