Бір іске зейін қоя алмау – қазіргі заманның вирусы сияқты. Себебі еліктіретін гаджеттер өте көп. Дзт-дзт еткен дауысқа әбден үйреніп алғанбыз. Ол дауыс шықпай қалса, өзіңді жайсыз сезінесің. Бұл әдет сабаққа дайындалу кезінде де болады.
1. Смартфонды өшіріп, басқа бөлмеге қой.
2. Егер оны қолданатын болсаң, авиарежимге қойып, жұмыс істе.
3. Таймерді 30 минутқа қой. Осы уақыт ішінде басқа нәрсеге мүлдем назар аударма.
4. Таймер біткен соң 5 минутқа демалыс ал. Осы уақытта су ішіп, басыңды қасып, керіліп-созылып, сергіп ал.
5. Нақты қай сабақтарды, тестті, кітапты оқитыныңды жоспарлап ал. Және қанша уақыт оқитыныңды белгіле. Сол уақыт ішінде басқа іске ауыспа.
6. Әлеуметтік желіге кіргің келсе, «Дәл қазір емес, кейінірек» деп өзіңді алдап отыр.
7. Ғашық болма! Ойлама. Тәтті қиялға берілме. Ол саған грант әпермейді.