Қаңтар және Наурыз ҰБТ-сы ақылы болғанын бәріміз білеміз. Ал Мамыр-Маусым ҰБТ-сы мектеп оқушыларына тегін болады.
Айырмашылық неде?
Қаңтар, Наурыз және Тамыз ҰБТ-сының сертификаттары университетке ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік береді.
Мамыр-Маусым ҰБТ-сының сертификаты грант конкурсына қатысуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың арасында жиі кездесетін қате пікір: «Мен Маусымда ҰБТ тапсырсам Қаңтар ҰБТ-ның нәтижесі жойылып кетеді».
Оқушы 5 ҰБТ-ны тапсырса, сол 5-еуінің де нәтижесі келесі оқу жылына дейін сақталады. Сәйкесінше, оқуға түсерде өзі қалаған сертификатты қолдана алады.
Бәріңе ҰБТ-да сәттілік! 🧡
P.S. Грант саны қашан шығады? Екінші ҰБТ-ға тіркелу қашан? Осы сұрақтардың жауабын МЫНА сілтемеден қара 🙌