Дәрігер болғың келсе, биология пәнінен жүйрік болуың қажет. Ол оңай пән емес. Ақпараттың көптігінен басыңа сыймай кетуі мүмкін. Алайда жақсы әдістерді қолдана отырып, қиын сабақты оңай үйренуге болады. Алғашқы сабақтан бастап жақсылап ұғып ал. Бір жасушалы ағзаны түсіне алсаң, көп жасушалы ағзаларды түсіну оңай болады.
1. ҰБТ-ның көп кітапшасынан биологияны қарап шық. Білмейтін сұрақтарды бояп шық. Соңында жалпы қай бөлімнен ақсап тұрғаның белгілі болады.
2. Жаңа материалды оқыған кезде негізгі құрылымын түсіну қажет. Мысалы, бактерия – бір клеткалы жасуша. Сосын оны тереңірек, яғни ішек-қарнын ақтарып, неден тұратынын, не жейтінін үйрен. Оны өз сөзбен айтып шық.
3. Қиын және жаңа терминдерді бір параққа арнайы жазып жүр. Терминді оңай сөзбен түсіндіріп бер. Мысалы, фотосинтез, симбиоз дегенді балаға ұғындырып көр.
4. ҰБТ-ға дайындалу барысында биологиядан шпор жаз. Оны өз қолбен жазу керек. Сол арқылы есте сақтау қабілеті артады.
5. Араға уақыт салып, материалды қайталап отыр. Биология деген тарих емес, бұл жерде термин, ағза, процесстер көп. Жиі қайталамаса, ұмытылады.
6. Анатомияға қатысты мысалды өз бойыңнан табасың. «Бетімде мынадай бұлшық ет, қолымда мынадай бұлшық ет, жүрегімде мынадай бұлшық ет» деп санамала. Өз ағзаңның неден тұратынын білуге құмарт.
7. Терминдер латын тілінен туындайды. Мағынасын білсең, содан тарайтын барлық терминдерді білесің. Мысалы, «глюкоза» сөзінде «оза» - қант. Демек, сахароза, мальтоза, лактозада қант бар.
8. Міндетті түрде сурет сал. Биологияны суретсіз түсіну қиын. Жаныңда әрдайым түрлі-түсті фломастер, бояу қаламдар болсын. Әр суретке текст жаз. Мысалы, жасушаның құрылымын өзің сал.
9. Әр дайындықтан соң конспектіні қайта оқып шық.
10. Жаңа тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап бер.
11. Интернетте биологияға арналған сайттар, видеолар бар. Тақырыпқа сай қарап отыруды ұмытпа.
12. Демалып тұр. Бір бөлімді біткен соң тынығып ал. 5 минут сергі.
13. Көмек сұрауға ұялма. Мұғалімнен, бейтаныс біреуден болсын. Надандық ұятын жеңіп, білім алуға арланбау керек.