Қазақша посттар

«Осылай баланы оқу ниетінен құртасыңдар»

Осы пікірге жауап 👇🏻


Бүгінгі күннің басты жаңалығы - педагогикалық мамандықтарға шекті баллдың өсуі . Енді шекті балл 75 емес, 80.



Бұл жаңалық оқушылардың арасында үлкен наразылық тудырды. Оларды да түсінуге болады: ҰБТ қиындап жатыр, бәсекелестік өсіп, шекті балл көтеріліп жатыр.



Бірақ, студенттердің арасында ең үлкен шәкіртақыны осы педагогикалық мамандықта оқитын студенттер алатынын естен шығармау керек.



Барлық студенттер 31 мың теңге көлемінде стипендия алса, мұғалімдікте оқитын студенттердікі 50 мың теңге. Оның үстіне, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап 58.800 теңгеге өседі .



Ал екінші, жағынан мұғалімдердің айлық жалақысы да жылдан-жылға өсуде. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың мәлімдеуінше, мұғалімдердің жалақысы 2025 жылға дейін 2 есе көбейеді .



Мұғалімдікте білім алып, осы салада жұмыс істеудің барлық артықшылықтарын тізіп қарасақ, шекті баллдың көтерілуін орынды деп түсінуге болады.