1. Алдыңа мақсат қояр кезде тек позитивті нәрсені ғана ойла. "Мен мақсатыма жете алмай, қалағаныма қол жеткізе алмай қалсам" деп ойлаудың орнына "Мен міндетті түрде мақсатыма жетіп, арманыма қол жеткіземін" деп ойла.
2. Егер мақсатың нақты әрі жоспарсыз болса, онда ол жай ғана арман болып қалады. Сол себепті мақсатыңа жету үшін оны үтір-нүктесіне дейін жоспарлап, айқындап алғаның жөн.
3. Мақсатқа жетудің басты құпиясы - тәртіпке бағыну мен мотивацияның болуы. Соның ішінде мотивацияның алатын орны бөлек. Сондықтан өзіңе күн сайын күш беріп, құлшынысыңды арттырып отыратын мотивацияны табуға тырыс.
4. Әр жетістігіңді, тіпті, кішігірім болса да, атап өтіп, арасында өзіңді мақтап қой. Бұл өзіңе деген сенімділігіңді күшейтіп, бұдан да жоғары белестерді бағындыруға итермелейді.
5. Сәтсіздікке бола тоқтап қалма. Көбі осы сәтсіздікке тап болудан қорқып, жоспарлаған мақсатына жетпей, жарты жолда беріліп жатады. Есіңде болсын: арман мен мақсат бар жерде, сәтсіздік міндетті түрде болады. Тек ең мықты деген адамдар ғана соңына дейін барып, мақсатына жете алады.