Болашақ дәрігер, химик болғысы келетіндерге міндетті түрде химияны білу қажет. Ал химияның негізі – мектептегі химия сабағынан басталады. Егер сен мектептегі химияны түсінбей қалсаң, онда болашақта бұл сен үшін үлкен кедергіге айналады. Сондықтан мектепте берілетін химияны барынша түсініп, түсінбегеніңді мұғалімнен сұрап, ерінбей оқып, дайындалғаның жөн. Ал біз саған химияны түсінуде көмегі тисін деген оймен мынадай тиімді әдістерімізді ұсынамыз:
1. Химияны оқуды Менделеев кестесінен бастаған дұрыс. Себебі химиялық элементтерді толық білу арқылы әрі қарай есептерді шығарып, формулаларды жаттай аласың. Ал егер периодтық кестені құр жаттау қиын десең, онда элементтерді әннің ырғағына салып, өлеңдетіп, жаттап алуыңа да болады.
2. Тек қана кітаптан оқып қоймай, қосымша ізденіп, химиялық тақырыптардың видео нұсқасын да тауып, қарауға тырыс. Мысалы Ливерпульдік университет интерактивті анимация мен химиялық анықтамалары бар «Chemtube 3D» деп аталатын арнайы веб-сайт жасады. Сайт ағылшын тілінде екені болмаса, оның ішінен көптеген пайдалы ақпараттар табуға болады.
3. Жаңа бір химиялық формуланы үйрендің бе немесе химиядан қандай да бір тақырыпты оқып шықтың ба, онда материалды толық түсінгеніңді білу үшін тақырып бойынша өз-өзіңе сұрақтар қойып, біліміңді тексер.
Мысалы:
a) Бұл формуланың мәні қандай? Ол нені білдіреді?
b) Берілген формуланы қандай жағдайда және қалай қолдану қажет?
Осындай секілді сұрақтарды әрбір формуланы жаттап болған соң өз-өзіңе қойып отыр. Сонда оқығаныңды ұзақ уақыт ұмытпайтын боласың.
Ал ҰБТ-дан химия таңдаған оқушыларға тіпті оңай. Себебі біздің курста осының бәрі қарастырылған. Сабақтар қызықты форматта, ал қайталау жүйесі пәнді толығымен жаттап алуға септігін тигізеді.
Толығырақ білу үшін МЫНА сілтемеге өт.