Қазақша посттар

Саналы оқушының сипаттары

Санасыздарға бәрібір). Ал саналылар әр ісіне жауап бере алады. Олар мына істерді жасамайды.





1. Көңіл-күйін түсірмейді. Сіздің көңіл-күйіңіз өзгелердің сөзіне тәуелді болса, онда бақыт дегеннен жұрдайсыз. Саналы оқушылар өзінің жетістіктеріне қуанады.Біреулердің бұл қуанышты бұзуына жол бермейді.



Біреу сізді сынамайды. Сынаса да сіздің жағдайыңызды дәл сіздей түсінбейді.





2. Ештеңені ұмытпайды. Біреу сізді лақтырып кетсе, ренжітсе, тез кешіруге тырысыңыз. Бірақ ол адамға екінші рет сенуге болмайтынын ұмытпаңыз.





3. Эмоциясын ұстай біледі. Күн сайын қаншама адаммен бетпе-бет келеміз. Сезімге беріліп, эмоцияны ұстай алмасақ, жеңілеміз. Сезімін ұстай білген адам кез келген жағдайдан шыға біледі.





4. Идеалдың соңынан қумайды. 140 балл жинаймын деп, соған жетпесе (оған жету оңай емес) әрдайым өзін іштей жеп жүреді. Саналы оқушы әр жетістікке шынайы қуанады.





5. Өткенге жабыспайды. Өткенді тастамасаңыз, ол сіздің қазіргі өміріңізге айналады. Содан болашағыңызға зиян келтіресіз. Өткенге: реніш, мұң, өкініш, қайғы, ұрыс, сәтсіздік бәрі кіреді.





6. Проблеманың өзін емес, шешімін ойлайды. Себебі проблеманың өзін ойласаңыз, стреске түсіп, негативті сезімдерге берілесіз.





7. Арызқойлармен араласпайды. Арызқойлар проблемасын айтып, өзі жеңілдейді. Сіздің оны аяғаныңызды қалайды. Негативке толтырып тастайды. Олардан алыс жүру керек.





8. Кек сақтамайды. Кек сақтайтын адам ауыр тас арқалап жүреді. Тас есіне түскен сайын көтеріп алады. Содан бүкіл күші кетеді. Қашанғы шыдасын, бір күні ауыра бастайды.





9. Жоқ деп айта біледі. Жоқ деп айта білмейтіндер өзі қаламайтын жұмысты істеп жүреді.